Поляк боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізілетін жекпе-жектің күні мен орны туралы пікір білдірді.
«Олар біздің жекпе-жек 11 сәуірде өтеді дейді. Бұл күн мен үшін маңызды, бірақ өтетін жері нақтыланбаған. Мен онымен «айға» барып та күресуге дайынмын. Бұл жекпе-жектің қай жерде болатыны мен үшін ешқандай маңызды емес. Уақыт белдеулерін өзгерту маған да әсер етпейді. Бірақ бастысы, мен бұл күнді тезірек біліп алсам деймін: сол арқылы мен шайқасқа толықтай дайындалып, оқу-жаттығу жиынымды жоспарлай аламын. Егер жекпе-жек сәуір айында болса, онда наурыз айында мен дайындық бастаймын », - деді Шеремета.
Головкин-Шеремета шайқасының өткізілу күні - 11 сәуір, өтетін жері - Чикаго (АҚШ), Винтруст Арена. Геннадийге тиесілі орта салмақтағы IBF титулы таласқа түспек.
Басып шығару