Өткен жылдың соңында Қазақстан бензинге акциз ставкаларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын шығарды. Құжат 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның мәтініне сәйкес, акциз салығы тоннасына 10 500-ден 24435 теңгеге дейін өсті. Бұл жанармай құю бекеттерінің бағасын шамамен 10 теңгеге қымбаттатады .
Қаңтардың алғашқы күндерінде жанармай құю бекеттеріндегі баға белгілеулері орнында қалғанымен алдағы уақытта баға белгілері өзгкермек. Егер бұрын АИ-92 литріне 145 теңге болса, бүгінде бес ірі желі 145-тен 150 теңгеге дейін бағаны көтерген. Ескі баға тек «ҚазМұнайГазда» қалды, бірақ жақын уақытта бұл жердің де құны көтеріледі деп болжанады.
Қазіргі уақытта ең қымбат жанармай құю — Sinooil жанармай құю бекеттерінде. Мұнда бір литр үшін 150 теңге төлеуге тура келеді, Газпромның жанармай құю бекеттерінде 148 теңге болса, ал Helios пен Royal Petrol үшін литрінке 149 теңге төлейсіз.
Маусымнан тыс дизель отынының бағасы өзгерген жоқ. Ол әлі 191-194 теңгеден сатылуда. Ең қол жетімді дизель «ҚазМұнайГазда», ал ең қымбаты «Газпром» жанармай бекеттерінде тіркелген.
Егер ірі компаниялар бағаны 3-5 теңгеге қымбаттатса, онда басқа жанармай құю бекеттерінде өсу айтарлықтай байқалады. Әлеуметтік желілерде АИ-92 маркасының литріне 158 теңге тұратын фотосуреттер тарап кетті.
Басып шығару