Mazir
18 янв 11:24korilim:1 943 Sayasat / Qazaqstan

Жәрдемақыдан әр бала шет қалмауы тиіс!


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында жаңа әлеуметтік төлемге көңілі толмайтын көпбалалы аналар туралы пікір білдірді.
Жәрдемақы үлкендерге емес, балаға берілетінін түсінуі тиіс – Дәурен Абаев
Фото: Интернеттен алынды
«Кез келген реформаға көңілі толмайтындар табылады. Бірақ, бұл барлығына ұнамады деген сөз емес. Сондықтан, мемлекет баяғы қателіктерін қайталады деп айтуға болмайды. Қазірдің өзінде 400 мың отбасы – 2,5 млн адам жәрдемақы алып үлгерді. Аз қамтылған санатқа жатпайтын, бірақ 4 бала өсіріп отырғандарға да көмектесу керек», – деді министр.
«Хабар» арнасындағы бағдарламасында көпбалалы ата-аналар жәрдемақы балаларға беріліп отырғанын түсіну керегін айтты.
«Несие алып, уақытында төлеуге міндеттелгендер бар. Олар да балаларын жақсы киіндіріп, қолайлы жағдайда өсіргісі келеді. Неге оларға мемлекет көмектеспеуі керек? Аз қамтылған азаматтарға мемлекет жұмыс тауып беруге міндетті. Ал жәрдемақы табысына қарамай, барлық көпбалалы отбасыларға беріледі. Көпбалалыларға берілетін бұл жәрдемақы еңбекке жарамды үлкендерге емес, балаларға беріліп отыр. Осыны түсіну қажет», – деді Дәурен Абаев.
«Қазақпараттың» дерегінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге төленеді. Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15