Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы 2022 жылғы 12 сәуірде «Қазақ тіл білімі мен əдебиеттану ғылымы: қазіргі жай-күйі, болашағы» тақырыбында ойталқы өткізді. Ғылыми басқосу ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Ғылым күні аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар назарына «Қазақ тілтану/әдебиеттану ғылымының қазіргі деңгейі, жетістігі туралы қысқаша шолу жасап өтсеңіз, бұл ғылымдардың қай бағыттары дамымай жатыр, дамыса, ғылымға не берер еді?» деген өзекті сауалдар ұсынылды.
Тіл мен әдебиет үнемі даму үстінде болатын рухани құбылыстар ретінде қашан да толығып, жетіліп тұрады. Осы реттен келгенде, қазіргі кезеңдегі қазақ филологиясының даму үдерістеріне баға беру аса қажет қадам. Бұл ұлттық ғылымның даму деңгейін білуге, бағдарларын анықтауға және солардың нәтижесінде мақсатты жұмыстар атқаруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазақ филологиясының бағыттары мен мүмкіндіктері жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д.Гүлдархан Смағұлова, Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі (Ноттингем университеті, Ұлыбритания), ф.ғ.к. Еділбай Оспан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, филология магистріРита Жұмағалиева,Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, РһDБолат Хасеновтерғылыми, танымдық пікірлерімен кеңінен ой бөлісті.
Жалпы тіл ғылымының кешегісі мен бүгінгісін зерделеп алмай, келешектегі мақсат-міндеттерін белгілеу мүмкін емес. Сондықтан пікір білдірушілер қазақ филологиясының ғылыми әдіснамалық жағына айрықша мән берді. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессорБағдан Момынова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, ф.ғ.д.Жандос Смағұлов,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д.Тыныштық Ермекова,Назарбаев университеттің профессоры, ф.ғ.д.Эльмира Оразалиева,М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.Жұмашай Рақыш,Ұлыбританияның Абердин университеті докторанты, ф.ғ.к.Гүлшат Түсіповалар филология ғылымы мәселелерін өзге елдердің тәжірибесімен салыстыра баяндады.
Ғылыми ойталқыда қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымының қазіргі маңызды тақырыптары кеңінен талқыланып еліміздің жетекші оқу орындарының ғалымдары және шетелдік университеттердің түлектері өзекті пікірлерін ортаға салып, ұлттық ғылымның мазмұны және даму бағыттары жөнінде пікір алысып, жалпы осы жиынға қатысушы ғалымдарға, мамандарға және оқытушыларға ой салып, идея дарытты.
Басып шығару