Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Багдат Манзаровтың айтуынша, Ұйғыр ауданындағы 25 елді мекеннің 22-сі орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған, 3- еуі қамтылмаған (Ұзынтам ауылында 267 адам, Рахат ауылында 326 адам, кіші Ақсу ауылында 738 адам). Аудан бойынша сумен жабдықтау жүйесінің жалпы ұзындығы 330,4 км құрайды
Ауданның үш елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:
Сумен жабдықтау жүйесін салу үшін 2020 жылы Ақсуға республикалық бюджеттен 306,8 млн. теңге бөлінді.
Рахат пен Ұзынтам ауылдарына жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін 32,2 млн. теңге көлемінде өтінім берілді.
Басып шығару