Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді қолдану туралы айтты.
Мен бірқатар парламент депутаттары мен азаматтардың - біздің елдің патриоттарының Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, әсіресе Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын кеңірек пайдалану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнама туымызды пайдалануды шектейді, деп жазды Президент өзінің Твиттердегі парақшасында.
Қазақстанда пәтерлердің балкондарына немесе жеке үйлердің қабырғаларына туды іліп қоюға тыйым салынған.
Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау қажет, - деп жазды Тоқаев.
Басып шығару