Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 13-қазанынан бастап күшейтілген карантин режимі енгізіледі.
Аймақтың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің шешімімен демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмыс істемейді және фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының, спорт нысандарының жұмысы тоқтайды.
Сонымен қатар құрылыс заттары базарлары мен дүкендері, азық-түлік сатпайтын дүкендер 16:00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану орындары мен супермаркеттер 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
Санитарлық талаптарды сақтауды қадағалау күшейіп, адам көп жиналатын отбасылық шараларды өткізудің алдын-алу мақсатындағы рейдтер жүргізіледі.
Басып шығару