Қытай билігі бала тууды шектеу саясатына өзгеріс енгізіп, отбасында үш баланың дүниеге келуіне рұқсат берді. Мұндай өзгеріс президент Си Цзиньпиннің төрағалығымен өткен Саяси Бюро отырысында мақұлданды.
Билік жаңа шешім халықтың басым бөлігі қарт адамдар екенін ескере отырып, елдегі демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді деп санайды. Сондай-ақ, бұл шешім арқылы халықтың құрылымы жақсарып, адам ресурстарының артықшылығына әкелетіні айтылды.
Алайда, биліктің шешімі Қытайдың әлеуметтік желілерінде жағымсыз реакция тудырды, көптеген адамдар бұл шешімге қарсы.
Басып шығару