Қытай АҚШ импортына қосымша тарифтер енгізуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Қытай Мемлекеттік кеңесі жанындағы кедендік баж салығы жөніндегі комитетте хабарлады. Бүгін түске дейін бірқатар тауарларға 5 және 10 пайыз мөлшеріндегі жаңа тарифтер күшіне енуі керек еді. 15 желтоқсанға жоспарланған АҚШ-та шығарылған автомобильдер мен авто бөлшектерге импорттық баж салығының көтерілуі кейінге қалдырылды. Бұрын енгізілген қосымша баждардың жарамдылығы сақталады.
Басып шығару