Қытай АҚШ импортына қосымша тарифтерді қашан енгізбек?
Қытай АҚШ импортына қосымша тарифтер енгізуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Қытай Мемлекеттік кеңесі жанындағы кедендік баж салығы жөніндегі комитетте хабарлады. Бүгін түске дейін бірқатар тауарларға 5 және 10 пайыз мөлшеріндегі жаңа тарифтер күшіне енуі керек еді. 15 желтоқсанға жоспарланған АҚШ-та шығарылған автомобильдер мен авто бөлшектерге импорттық баж салығының көтерілуі кейінге қалдырылды. Бұрын енгізілген қосымша баждардың жарамдылығы сақталады.