Хорватияда жойқын жер сілкінісі болып, жеті адам қаза тапқан. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 6,3. Эпицентр ел астанасы Загребтен оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендердің көбі ғимараттардың шамамен 90 пайызы қираған Глина қаласының маңынан табылды. Петрина мен Сисак қаласы да айтарлықтай зардап шеккен. Ондаған адам ауруханаға жатқызылды, көбі хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Жер сілкінісін көрші елдегі адамдар да сезген. Еуроодақ билігі Хорватия халқына көмек көрсетуге уәде берді. Жақында елге Еуроодақтың арнайы өкілі келеді.
Басып шығару