Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Құрметті достар! Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақ халқын ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көптеген жылдар бойы екі халықты бауырластық және достық қатынастар байланыстырып келді. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның ізгі ісін жалғастырушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зор еңбегі. Қазіргі уақытта да қазақ халқы ажырамас бөлігі ретінде Ресеймен және Шешен Республикасымен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін көру өте қуанышты, деп жазды ол.
Ол республикалар арасында қол жеткізілген экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар алдағы уақытта да оңды және өзара тиімді жағдайда қарқынды дами беретініне сенімді.
Біздің халықтар әрқашан бір-біріне деген шынайы мейірімділікпен ерекшеленді. Мен тағы да қазақ халқын және Қазақстанның барлық тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтаймын! Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық және республиканың барлық тұрғындарының игілігі үшін одан әрі өркендеу тілеймін, - деп сөзін аяқтады Қадыров.
Басып шығару