Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қару ұстап тұрған фотосына түсініктеме берді.
«Қараңызшы, Ресейде қару сақтауға байланысты қатаң заң бар. Егер сізде заңға сәйкес қаруыңыз болса және ол тіркелген болса, сізде бұл қаруды сақтауға немесе алып жүруге құқығыңыз бар, содан кейін бұл жерде ешқандай мәселе болмайды», - деді Песков.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Рамзан Қадыров пен оның отбасындағы кейбір мүшелерін (әйелі мен қыздары) адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар адамдардың «қара тізіміне» енгізілгенін жариялады.
Санкцияларға жауап ретінде Шешенстан басшысы өзінің Telegram каналына қолында екі пулемет ұстаған суретті салды.
«Помпео, біз жекпе-жекті қабылдаймыз! Бұдан әрі қызықты болады!». Сурет бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап, халықтың наразылығын тудырды.
Бәрінен бұрын, Қадыровты әйелі мен қыздарына қарсы санкция жариялағанына ашулы.
«Жарайды, егер мен адам құқығын жүз рет бұзған болайын, онда ... менің әйелім мен қыздарыма қарсы санкцияны қалай түсіндіресіз??? Олар қандай қылмыс жасады және кімнің құқығын бұзды?» - деп жазады ол Телеграмда.
Басып шығару