Дональд Трамптың бірнеше кеңесшісі ол президенттік сайлау нәтижелеріне қарсы шығуды тоқтата алады деп сенеді, бірақ барлық дауысты санағаннан кейін де өзінің жеңілісін мойындамайтынын айтады.
"Ол мойындайды деп күтпеңіздер. Трамп нәтижеге сенбейтінін, бірақ сайлау қорытындысына қарсы шықпайтынын айтты", - деді оның кеңесшілерінің бірі.
Трамптың кейбір кеңесшісі оның жеңгеніне әлі де сенеді және оның күресу әрекеттерін қолдайды, бірақ олардың саны біртіндеп азайып келеді. Сонымен қатар, президенттің көптеген жақтасы Трампты әрі қарай жүруге сендіруге күш салып жатқаны атап өтілді.
Басып шығару