Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин «Россия-1» телеарнасында «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасында посткеңестік елдер бірігуі керек деген пікір білдірді.
«КСРО құрылар алдында барлығында қорқыныш болды. Бірақ сол қорқынышты жеңген халықтың барлығы бұл бірігудің пайдаға жүргенін түсінді», - деді ресейлік көшбасшы.
Оның айтуынша, қазір посткеңестік елдердің барлығы осы сезімді бастан өткеріп отыр-мыс.
Ресей Федерациясының президенті әлемнің барлық елдері өздерінің бәсекеге қабілеттілігін бірігу арқылы көтеруді көздейтінін де айтып қалды.
«Бұл – бұрынғы Кеңес Одағының республикалар үшін ең дұрыс шешім», - деді Путин.