Ниигата префектурасының (Жапония) тұрғыны Титэцу Ватанабе 23 ақпан күні 113 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Твиттердегі Гиннестің рекордтар кітабы хабарлады.
2020 жылдың ақпан айының басында Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең қарт адам деп ресми түрде мойындаған болатын.
Титэцу Ватанабе 1907 жылы 5 наурызда көп балалы отбасында дүниеге келген. Жас кезінде Тайваньдағы қант плантацияларында Дай-Ниппон Мейджи атты компанияда қызмет атқарған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, Тынық мұхиты аймағында соғысқан, содан кейін елге оралған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін агроөнеркәсіп саласында жұмыс істеп, көкөністер мен жемістер өсірді, сонымен қатар көрмелерде жүлделі орындарға ие болды.
Ватанабе 104 жасынан бастап, яғни, өмірінің соңғы жылдарын қарттар үйінде өткізді. Оның артында бес бала, он екі немере және он алты шөбере қалды.
Басып шығару