6-наурыз күні Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Сайрагүл Сауытбайды «сатқын» деп атады.
Оқырманға түсінікті болуы үшін елшінің жазбасын қазақшалап ұсынып отырмыз.
«4-наурыз күні Вашингтонда Мемлекеттің департаменттің режиссерлігімен жүзеге асқан Сайрагүл Сауытбайдың түсініксіз ерлігіне халықаралық сыйлық берілді. Бұл – Қытайдың ішкі ісіне араласуға бағытталған провокация. Шара қызықсыз цирк секілді әсер қалдырғанымен, Вашингтонның жымысқы ойын, нағыз бет-бейнесін көрсетіп берді.
Вашингтон тарапы ШҰАР-дағы терроризм мен экстремизмге қарсы жетістіктерімізге көз жұма қарап, ұлтаралық, еларалық қақтығыс туғызуға, Қытайдың ішіне іріткі салуға талпынып келеді.
Дегенмен, олардың талпынысы тұншыға береді. Қазір ШҰАР – бейбіт халықтар мекендейтін, терроризм мен экстремизм елесі жоқ жер. Бұл – Қытайдың еңбегінің жемісі.
Бұл сыйлық – АҚШ-тың идеологиялық вирус орталығы екенін айқындаған сыйлық. Олар әрдайым өтірік айтып, артынан соны шындыққа айналдыру үшін қызмет жасайды.
Ал Қытай мен Қазақстанда қылмыскер атанған «батырдың» қаһармандығы қайсы? Оның ерлігі – отанын сату, өзі туған жерді тілі жеткенше балағаттау, күйе жағу. Егер ол батыр болса, неге ШҰАР-дағы несие қарыздарын жаппайды? Өкініштісі – оның осы геосаяси ойындағы өзінің кім екенін білмеуі».
Басып шығару