22 ақпан күні таңертең Қарабатандағы біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылыс алаңында Қытайдың 50 жастағы азаматы ес-түссіз құлап, қайтыс болды.
21 ақпанда қызметкер өзін жайсыз сезініп, медициналық орталыққа барған. Дәрігерлер оның қан қысымының жоғарылағанын анықтап, медициналық көмек көрсеткен. Таңертең асханаға барар жолда ол тағы да ауырып, есінен танып, сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлер өлім мидағы қан айналымның бұзылуынан болған деп мәлімдеді.
Компанияның баспасөз қызметі марқұмда коронавирустың белгілері болмағанын айтты. Компания қызметкерлердің денсаулығын үнемі қадағалап отырады.