Коронавирус Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. Вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 7000-нан асса, құрбандарының саны 170-ке жеткен.
Инфекция АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Франция, Германия, Жапония және тағы басқа елдерде тіркелді.
Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысының айтуынша, бұл коронавирус Ресейге ақпан айында енуі мүмкін.
Басып шығару