Қытай Қырғызстанмен арадағы шекараны 24-30 қаңтар аралығында бір аптаға жабады.
Мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесіндегі Торугарт және Иркештам өткізу бекеттері 24-30 қаңтар аралығында уақытша жабылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекара қытай тарапының бастамасымен ұлттық көктем мерекесі - Қытайдың Жаңа жылын атап өтуге байланысты жабылады.
Адамдарды қабылдау 31 қаңтардан басталмақ.