Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.
«Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.
Басып шығару