Оңтүстік Корея мен Американың барлау қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Корея 3 мың тонналық жаңа атомдық сүңгуір қайықты пайдалануға беруге дайындалып жатыр. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады.
«Оңтүстік Кореяның, АҚШ-тың барлау агенттіктері Солтүстік Корея 3000 тонналық сүңгуір қайықтың құрылысын аяқтады деп санайды», - делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, Пхеньян бұл сүңгуір қайықты Америка Құрама Штаттарына қысым жасау мақсатында пайдаланады.