Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға берді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті.
Фото:
rus.azattyq.org
Басып шығару