Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына жақсылық пен бақыт тіледі.
Әңгіме барысында президенттер екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясымен күресу жөніндегі тиімді әрекеттерін жоғары бағалап, Ердоғанға түрік тарапының көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, коронавирустың зардаптарын еңсеру және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жөніндегі жұмысты үйлестіруді жалғастыруға келісті.
Әңгіме барысында олар Қазақстан-Түркия стратегиялық қатынастарының жағдайы мен даму болашағын талқылады. Келіссөздер соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын растады.
Басып шығару