Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейінгі жеті апта ішінде алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін айтты.
"Алғаш рет жеті аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін байқап отырмыз. Алты өңірдің төртеуінде науқастар саны көбейді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Ұйым басшысы вирус жұқтырғандар саны өсуі "таңғаларлық емес" екенін айтты. Сондай-ақ, елдерді коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетпеуге шақырды. Вакцинацияға сеніп, шектеулерді алып тастау дұрыс емес дейді.
"Егер елдер тек вакцинацияға сүйенсе, олар қателеседі. Қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты базалық шаралар ең жауапты шараның бірі болып қала бермек", - деді ұйым басшысы.
Басып шығару