ДДСҰ басшысы: Қытайда коронавирус тоқтады


Алғаш рет Қытайда бірде-бір науқас анықталмады. Ал коронавирус жұқтырғандардың барлығы – шетелден келгендер. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бұл жаңалықты жетістік деп бағалады. Қытайлық өндірушілер басқа елдерге коронавируспен күресуге қажет болатын заттарды өндіруін жалғастыруда. 

«Бізде Қытайдағы өндірушілердің тізімі бар, олар ДДСҰ-на қажет заттарды жібереді. Біз коронавируспен күресуге қажет заттарды тоқтаусыз өндіреміз», - деді Тедрос Гебрейесус. 

ДДСҰ осы уақытқа дейін инфекцияның алдын алуға қажет дүниелерді 68 елге, ал кешенді диагностика құралдарын 120 елге жөнелтіп үлгерген. 

«Диагностикалық кешенді құралдарды өндіретін компаниялар көп. Бірақ біз тәуелсіз инспекцияның бақылауынан өткендерді ғана таңдай аламыз», - деді ДДСҰ басшысы. 

Сондай-ақ, ұйым басшысы АҚШ-та вакцинаның адамдарға сынала бастағанын жеткізді. Қазі барлығы жоспар бойынша жасалып жатыр екен. 

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру