БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы салдарынан әлем соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа аяқ басты деп мәлімдеді. Оның «Давос күн тәртібі» шарасындағы сөзі ұйымның ресми сайтында жарияланды. БҰҰ басшысы қазіргі уақыттағы коронавирус дағдарысы аясындағы әлемді бір сөзбен – «әлсіздік» деп сипаттауға болатынын атап өтті.
«Пандемия салдарынан екі миллионнан астам адам қайтыс болды, және біз соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстамыз», - деді Гутерриш.
Дипломат пандемия адамдар мен елдер арасындағы теңсіздік, "климат және биоалуантүрлілік дағдарысының" тұрақсыздығы сияқты әлемдік проблемаларды тудырды деп санайды. Оның айтуынша, "табиғатпен соғыссақ" ол бізге "кері соққы береді". Гутерриш әлемді ынтымақтастыққа шақырды.
Басып шығару