Димаш АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығына қатысады

  • 05 янв, 12:54
  • Көрілім: 197

Димаш Құдайберген Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады.

Бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді, деп хабарлады dimashnews.com. Коронавирус пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

«Sister Cities International» іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру