Швеция коронавирус пандемиясын тоқтату үшін қажетті 60-70 пайыздық иммунитетке қол жеткізген алғашқы ел болуы мүмкін. Мұндай пікірді ресейлік иммунолог Владислав Жемчугов айтты.
Қазір сарапшы атап өткендей, Швецияда коронавирус жұқтырғандардың саны көп, бірақ өлім аз.
«Менің ойымша, Швеция иммундық қабаттың 60-70 пайыз деңгейіне бірінші болып қол жеткізеді. Швецияда коронавируспен ауыратын адам жоқ. Себебі, ел түгел ауырып шыққан», - деп атап өтті Жемчугов.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Швецияда COVID-19 жұқтырған 121 мың науқас анықталды, 5,9 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Басып шығару