Samsung корпорациясының негізін қалаушы Ли Гон Хи бүгін Сеулдегі Samsung ауруханасында, 79 жасында өмірден озды. Бұл туралы Ренхап ақпарат агенттігі хабарлады.
Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. 1987 жылы өзінің әкесі, компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхольдің орынын ауыстырып Samsung корпорациясының екінші төрағасы атанған.
2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырап, корпорацияның басшылығы оның ұлы, Samsung Electronics кіші компаниясының вице-президенті Ли Чже Еннің қолына өткен. Дүниеден озған корпорация басшысының балалары мұрагерлік үшін 9 миллиард доллар салық төлеуге міндетті.
Кәсіпкердің артында үш баласы қалды, ал корпорация басшылығы қызметіне оның үлкен ұлы Ли Чже Ен отырмақ. Үлкен қызының еншісіне Samsung Hotel Shilla қонақ үйлер желісі тисе, кіші қызы Samsung Қайырымдылық қорын иеленеді.
Басып шығару