Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы тиімді вакцина кең таралғанға дейін COVID-19-дан 2 миллионға жуық адам қайтыс болатынын жоққа шығармайды, деп мәлімдеді ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан жұма күнгі брифингте.
«Әрине, елестету қиын. Себебі біз 9 айда миллион адамнан айырылдық, ал біз алдағы 9 айда тиімді вакцинаның пайда болуын күтеміз», - деді ол.
Сонымен қатар, Райан ауруханаға түскен науқастар арасындағы өлім-жітімнің азайып бара жатқанын атап өтті. Әлемде адам өліміне жол бермеу үшін өткен тоғыз айдан сабақ алуға мүмкіндіктер бар.
28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны дүниежүзінде 1 002 383 адамды құрайды.
Инфекциядан қайтыс болғандар саны бойынша "көшбасшы" болып - АҚШ 209,5 мың (өлім), Бразилия - 141,7 мың (өлім), Үндістан - 95,5 мың (өлім) тұр. Қазақстанда, ресми мәліметтер бойынша, коронавирус салдарынан 1699 адам қайтыс болды.
Басып шығару