Оқу орындары аурудың алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдауы керек. Бұл туралы ДДСҰ сарапшылары мәлімдеді.
Сарапшылардың пікірінше, жастар көбінесе мейрамханаларда, ал балалар, балабақшалар мен жазғы лагерьлерде вирус жұқтырады.
«Жас балалардың бойында ауоу жеңіл өтеді, бірақ кейбіреулері қатты ауырады, әсіресе медициналық жағдайы нашар адамдар», - дейді ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры Майк Райан.
ДДСҰ мамандары атап өткендей, жас балалар көбінесе инфекцияға бейім емес және олар инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып көрінбейді, ал үлкен жастағы балалар «аурудың таралуына көбірек қатысады».
«Біз барлығымыз мектептердің ашылғанын және балалардың партаға қайта оралғанын қалаймыз», - деді ДДСҰ өкілдері.
«Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мектептерді ашуға болады. Мен инфекцияның жоқтығы туралы емес, жағдайды бақылау мүмкіндігі туралы айтып отырмын. Алайда, COVID-19 жағдайы бақылауда болмай, мектептер ашылса, жағдай айтарлықтай нашарлайды», - деді Майк Райан.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек Қазақстанда қашықтан өтеді. Бірінші тоқсанда оқушылар онлайн режимінде оқиды. Сонымен қатар, бастауыш сынып балаларының ата-аналарында таңдау мүмкіндігі бар, олар баланы кезекші сыныпқа қабылдау туралы өтініш жаза алады.
Басып шығару