Мысық коронавирус анықталған Ұлыбританиядағы алғашқы үй жануарына айналды.
Билік мысықтағы COVID-19 белгілері адамдарға берілмейді деп сендіреді.
Қолда бар барлық деректер бойынша мысық бұрындары COVID-19-бен ауырған иесінен коронавирус жұқтырғанын көрсетеді, дейді билік өкілдері.
Үй иелері мен мысықтың өзі жазылғанын және үйдегі басқа жануарлар мен адамдарға жұқпағандығы туралы хабарлаған.
Ветеринар Кристин Миддлмисс мұндай жағдай өте сирек болатынын түсіндірді.
"Үй жануарларынан вирустың адамдарға тікелей берілетіндігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Біз бұл жағдайды мұқият қадағалап отырамыз", - деді ол.
Англияның медициналық денсаулық сақтау жөніндегі директоры Ивонн Дойл әріптесімен пікірімен келіскен. Ол мұндай жаңалықтар алаңдаушылық туғызбауы керек деді.
Осы жағдайды зерттеу бойынша инфекцияның адамнан жануарға берілетінін айтады. Қазіргі уақытта үй жануарларының ауруды адамдарға жұқтыратындығына ешқандай дәлел жоқ, деді Дойл.
Сарапшы коронавируспен күресудің жалпы ережелеріне сәйкес, жануарлардың иелері олармен байланысқаннан кейін қолдарын үнемі жуып тұруы керек деп қосты.
Бұл факт туралы ДДСҰ хабарлады. Осындай жағдайлар АҚШ, Бельгия, Франция, Швейцария, Испания және Гонконгта орын алғаны атап өтілді.
Басып шығару