Коронавирус инфекциясы тарай бастағалы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қауырт жұмыс басталып, олардың тарапына түрлі деңгейдегі сын айтылуда. Бүгін Бразиялия президенті Жаир Болсонару елдің ДДСҰ-дан шығатынын айтып, доқ көрсетті.
«Мен сіздерге қазір айтайын, АҚШ ДДСҰ-дан шықты, біз де осы нәрсені қарастырып жатырмыз. Не ДДСҰ идеологиялық жұмысын реттейді, не біз ұйымнан шығамыз. Елдің ішінде денсаулықты сақтауды сырттан бұйырмау керек», - деді ол.
Бразиялия басшысының мұндай түйінге келуіне ДДСҰ ресми өкілі Маргарет Харристің шектеуді уақытынан бұрын алып тастаудың қате екені туралы мәлімдемесі түрткі болды.
«Латын Америкасындағы эпидемия жағдайы баршамызды қатты алаңдатып отыр», - деген еді Харрис.
Болсонарудың ойынша, коронавирус инфекциясы кәдімгі тұмаудан еш қауіпті емес. Сондықтан, үрей шақыра беруден аулақ болу керек.
Басып шығару