Қытайда хантавирустан бір адам қаза тапты. Юньнань провинциясының тұрғыны жеке автобуспен көрші провинцияға жолға шыққан. Жол үстінде ол аяқ асты бақилық болады.
Медицина қызметкерлері оны тексерген кезде хантавирус симптомдарын анықтаған. Автобустағы 32 жолаушы дереу карантинге жабылды. Олардың арасында вирус жұқтырғандар әлі анықталмаған.
Хантавирус – адам өміріне үлкен қауіп төндіретін дерт. Вирус кеміргіштер арқылы тасымалданады. Олардың зәрінде сақталып, кейін ауаға тарайды екен.
АҚШ-тың Инфекциялық ауруларды қадағалау орталығы вирустың жұғу қаупі тым жоғары екендігін мәлімдеген.
Хантавирустың симптомдары басқа да жұқпалы инфекцияларға өте ұқсас: бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорыту жүйесіндегі қиындықтар. Әзірге бұл вирусқа қарсы вакцина табылмаған.
Басып шығару