Қытай мен АҚШ арасында салқындық бар екенін екінің бірі біледі. Жақын күндері әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Дональд Трамптың твитінің скриншоты тарап кетті.
Жазбада президент коронавирусты «Қытай вирусы» деп атауды және инфекцияның әлемге келтірген залалы үшін Қытайды сотқа беруді ұсынады. Сәйкесінше, қытайлық тарап бұл жазбаға жедел жауап қатты.
Қытай тіліндегі мақалада АҚШ-тың Флорида штатының бір топ заңгері қазір Пекин қаласында Қытайдың Халық істері комитетін, Денсаулық сақтау саласын, Ухань қаласындағы бірқатар басшылықтарды тобымен сотқа беру мәселесін талқылауда. Сот америкалық тараптың пайдасына шешілер болса, Трамптың қол астындағылар қазынаға миллиард доллар пайда әкелмек.
Әлеуметтік желіде біздің азаматтар қазақстандық тараптан да аспан асты елін сотқа беруді сұрайды. Олардың айтуынша, Қазақстан көршісін сотқа берсе, олардан алған миллиардтаған қарызды шегертуге мүмкіндік бар.
Басып шығару