Mazir
31 авг 13:36korilim:2 600 Sayasat

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қандай

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ертең болатын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қандай мәселелер көтерілетінін мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Тelegram арнасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ертең Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Онда елдің таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалады. Сонымен қатар 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы жасалады.

Барлық жұмыстар арнайы Жалпыұлттық жоспар аясында жүргізілуде. Ол 103 бөлімнен тұрады. Олардың басым бөлігі орындалды, қалғанының іске асуы Президент Әкімшілігінің бақылауында», - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Тelegram арнасында.

Бұған қоса, Мемлекеттік кеңесші өткен жылғы Жолдау аясында атқарылған жұмыстарға, олардың мән-маңызына тоқталды.

«Маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі - мәдениет, архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20 пайызға кезең-кезеңімен көтеру.

Сондай-ақ, заңнамаға ең төменгі жалақыны 60 мың теңге етіп бекіту және оны салық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде алып тастау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу бойынша жол картасы бекітілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкі» арқылы жеңілдікпен жалпы сомасы 230 млрд теңге болатын 20 мыңнан астам қарыз берілді.

Ұлт саулығын нығайту мақсатында нақты қадамдар жасалды. Атап айтқанда, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Бұған қоса, халықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуден өткен коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Саяси жаңғыру мен адам құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар толық іске асырылды. Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін дайындау ісінде прокурорлардың құзыреті кеңейтілді.

Өкілетті органдар 2022 жылға арналған алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар кешенін іске асыруда.

Заң шығарушы органдармен білім беру, стресті активтер нарығын дамыту және басқа да салалар бойынша заңдар қабылданды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл - Президенттің 2021 жылғы Жолдауы аясында іске асырылған маңызды бастамалардың аз бөлігі ғана», - деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, аталған бағыттар бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек. Оның сөзінше, елдің орнықты дамуына тікелей әсер ететінін бастамалар - келешектегі жаңа реформаларға негіз болады.

Басып шығару
lasuna for sale online - order lasuna online buy himcolin paypal

benemid 500 mg canada - order probenecid 500mg tegretol 200mg drug

buy mebeverine 135 mg online - pletal 100 mg ca pletal 100 mg for sale

buy diclofenac 100mg pills - cambia online order buy aspirin generic

cheap rumalaya online - purchase rumalaya online cheap order endep 10mg for sale

mestinon 60mg ca - buy azathioprine 25mg pills oral azathioprine 50mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15