Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қатысты шетелдік EU Reporter басылымында көлемді мақала жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
2009 жылы Қазақстаннан қомақты қаржы жымқырды деген айыппен, Францияға қашып кеткен Әблязовтың әрі қарайғы өмірі қалай болатыны жақын арада шешімін таппақ. Францияда босқын болып қалуы да, экстрадициялау да мүмкін.
«Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын уақытта қашқын олигархтың тағдырын шешеді», - делінген мақалада.
Әблязовтың бұл экстрадициясын елімізден бөлек, көршілес Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі мемлекет те экс-банкирді қомақты қаржыны жымқырып, алаяқтық жасады деп айыптауда.
Басып шығару