Mazir
28 июн 16:37korilim:694 Sayasat / Qazaqstan

Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады


Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Құжат мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, электронды құжаттарды қолдану аясын кеңейту және деректерді басқару жүйесін институционализациялау мақсатында әзірленді. Заң одан әрі цифрландыру және реинжиниринг арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, сондай-ақ цифрлық құжаттар сервисін қолдану аясын кеңейтуге, электронды құжаттардың олардың қағаздағы ұқсастықтарымен тең дәрежелелігін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметіне қарағанда, азаматтық хал актілерін (тууы, неке және т.б.) мемлекеттік тіркеу саласында куәліктерді электронды форматқа көшіру бөлігінде бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мәселен, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама қағаз нұсқада, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық нысанда берілетін болады. 
«Байланыс туралы» Заң аясында байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендер мен аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі. Мәжілісте заң жобасымен жұмыс жүргізу барысында бірқатар түзетулер қабылданды. Мәселен, «Алқабилер туралы» Заңға алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібін регламенттейтін нормалар енгізілді. 
«Қабылданған заң басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде инновациялық цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту үшін заңнамалық жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар заң аясында ауылдарда байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі азаматтар мен бизнестің шығындарын төмендету көзделіп отыр», – деді заң жөнінде пікір білдірген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15