Mazir
21 апр 11:26korilim:988 Sayasat / Qazaqstan

Ауыт Мұқибек: Бұлар – қазақтың жаулары


«Құрмет» орденінің иегері, ақын, қоғам белсендісі Ауыт Мұқибек журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, көші-қон, балдызына қатысты дау туралы айтты.

Сұхбат барысында шекара сыртындағы қандастардың елге оралуы туралы айтып, бұған Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаев қарсы болғанын жеткізді.

«Назарбаевтың кезінде көш 2007 жылға дейін алтын дәуір болды. Қандастардың көп бөлігі келді. Кәрім Мәсімов келгеннен бастап Құлыбаев екеуі көшті ресми тоқтатуға кірісті. 2013 жылы көшті ресми тоқтату үшін Елбасыға басқаша ақпарат беріп, 4 жылға азаматтық бермеу туралы заң қабылдатты. Содан кейін көш ерге қисық отырды, сол салқын әлі келе жатыр. 2019 жылы жаңа президент келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші сұхбатында дүниежүзіндегі қазақтардың атажұртта басын қосу – біздің қасиетті парызымыз деді. Бұл жай сөз емес. Бірақ мен қайта алтын дәуір туады деген ойымнан айныдым. Сырттан 47 мыңдай ғана қазақ келді. Мен бұл үшін президентті сөкпеймін, жағдай солай болды. Бұл көш реформаның кезінде ескерілмесе, 6 млн қазақ қалып бара жатса тоқтайды. Көші-қонға қарсы болған Кәрім Мәсімов ұлттық өзегінен айырылған, оған ақша ғана керек. Тимур Құлыбаев Жаңаөзен оқиғасын ашық түрде жапты ғой, бұған шетелден келген қандастар кінәлі деді. Бұлар қазақтың жаулары», – деді Ауыт Мұқибек.

Қоғам белсендісі келген қандастарды қай өңірге орналастыру керек, қандай жағдай жасалу керек деген сұраққа жауап берді.

«Кеше ғана Павлодар облысынан 13 отбасы көшіп кеткелі жатыр деп дабыл қақты. Өйткені жүйе жоқ. 6 мың теңгеден төлеп отыра беріңдер деген. Үкімет мұны басынан шешу керек еді. Бағдарлама қабылданған жоқ. Бұл жерде екі түрлі мүдде бар. Отаным деп келгеннен кейін жанбағыспен жүреді ғой. Мемлекеттік мүдде бойынша мемлекет ештеңе аямауы керек. Бос жатқан даланы толтырамыз десе, үкімет ойлануы керек. Шекараның шетінде тұратындарға екі-үш есе ақы төлеу керек», – деді ол.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15