Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген жарлықта.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігін Мұрат Бектанов басқарған.
Руслан Жақсылықов жаң қызметке тағайындалуына байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Ал Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды.
Басып шығару