Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураға депутаттар бір ауыздан дауы берді.
Белгілі инсайдер, болжамдары көп жағдайда шындыққа айналатын Ербол Еділовтің Телеграм-арнасында жаңа Үкімет құрамында болатын министрлердің болжамы жарық көрді.
Артынша жаңа Үкімет құрамы туралы ұсынысты Мәжіліс депутаттары қолдады.
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Басып шығару