Қасым-Жомарт Тоқаев Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіштің өз орнында қалғанын, бірақ жыл сайынғы еңбек демалысында екенін айтқан еді.
Басып шығару