Mazir
17 янв 10:05korilim:468 Sayasat / Qazaqstan

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті


Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төралқа мүшелеріне үндеу жасады. Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті әріптестер!

Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым.

Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы  басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды.

Қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін – «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығымды білдіремін.

Біздің жұмысымыздың басты қорытындысы – бизнес пен биліктің жолға қойылған сындарлы диалогы, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру.

Біздің басымдығымыз әрқашан бизнес құқығын қорғау болды. Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жұмыс жолға қойылған. Барлық өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. 8 жыл ішінде ҰКП-ға 41 мың өтініш келіп түсті, олардың 40 пайызы шешімін тапты.

«Атамекен» ҰКП бастамасымен бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Заңнамалық түзетулердің 8 пакеті қабылданды. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді. Экономика саласындағы қылмыстық істерді тіркеу 5 есе қысқарды. Қылмыстық кодекстен «жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталды.

Рұқсаттар, хабарламалар мен лицензиялар саны 4 есе қысқарды. Бақылау-қадағалау жүйесіне реформа жүргізілді – 17 мың немесе 58% талап алынып тасталды.2021 жылдан бастап жаңа реттеуші саясатты – «таза парақтан» реттеуді енгізу басталды. 2024 жылға дейін барлық реттеу толық жаңа қағидаттармен қайта жазылады және цифрландырылады.

Біз микронесиелеу механизмін байланыстырып, «Бастау» жобасын іске қостық. Мыңдаған жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, әсіресе ауыл тұрғындары кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде 180 мың адам оқып шықты. 60 мыңнан астам жоба іске қосылды, 70 мың жұмыс орны құрылды.

Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Бұл пәнді 250 мыңнан аса жасөспірім меңгеріп жатыр. 

Бұл – біз бірлесіп атқарған жұмыстың бір паршасы ғана. Алдымызда жаңа үлкен міндеттер мен межелер тұр.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде «Атамекен» мен бизнес-қоғамдастық үшін басым бағыттарды белгіледі. Халық табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, импортқа тәуелділікті төмендету, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, экономикада мемлекеттің үлесін төмендету  бойынша кешенді шараларді іске асыру қажет.

Мемлекет басшысының осы тапсырмалары – ҰКП жұмысының басым бағыттары.

Біз жұмысымызда сайланған құрылымдардың кері байланысы мен олардың ұйым мүшелері алдында есеп беруіне қашанда назар аударып келдік.  2020 жылы тиісті өңірлердегі кәсіпкерлердің барлық өңірлік кеңесіне сайлау өткізілді. Аккредиттелген қауымдастықтар Төралқаның салалық комитеттерін құрады және төрағаларын сайлайды.

Ашықтық, есептілік және тиімді кері байланыс енді цифрлық негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүкіл жүйесі жұмысының негізгі қағидаттары болатынына сенімдімін.

Сіздерге тағы да бірлескен жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және отандық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі міндеттерді орындауда алдағы уақытта да табыс тілеймін» - делінген үндеуінде....

Басып шығару
lasuna online - lasuna drug buy himcolin pills

mebeverine uk - where to buy cilostazol without a prescription buy pletal without a prescription

order diclofenac 100mg generic - order aspirin buy aspirin pills for sale

buy rumalaya generic - purchase rumalaya generic amitriptyline 10mg us

buy mestinon 60mg generic - pyridostigmine 60mg generic imuran 50mg us

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15