Қазақстан Ұлттық гвардиясының қатардағы жауынгері Диас Самат бейбіт митингі қалай жаппай тәртіп бұушылыққа ұласқаны туралы айтып берді. Атырау әкімдігі ғимаратын қорғау кезінде Ұлттық гвардияның 5546 жауынгерлік бөлімінің 28 жауынгері жарақат алған.
5 қайтар күні Атрау полкінің жеке құрамы мұнайлы астананың орталық алаңында орналасқан әкімдік ғимаратын қоршап, қорғаған.
«Басында бейбіт митинг еді. Бізге тәртіпке шақыру, күш қолданбау туралы бұйрық берілді. Өйткені, бұл бейбіт халық қой.
Аяқ астынан белгісіз жас жігіттер бізге шабуылдады. Қолдарына не түссе сонымен, таспен де, арматурамен де, газ баллондарымен де шабуылдады, соққыға жықты.
Бәрі ұйымдасқан түрде жүргізілді. Айналамыз жаппай төбелеске ұласты.
Бір кезде көпшілік арасынан маған қарай тасқа немесе тротуар плитасына ұқсас ауыр зат ұшып келе жатты. Ол менің оң жақ шекеме тиді. Бетімді қан жуып кетті. Қаруластарым алғашқы медициналық жәрдем көрсетті, мен әрі қарай жауынгерлік міндетімді атқара бердім», - дейді ол.