Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа с»йкес, Премьер-министрдің міндетін уақытша Алихан Смайылов атқарады.
«Үкімет мүшелері жаңа Үкімет құрамы жасақталғанша өз міндеттерін атқаруды жалғастырсын. Жарлық қол қойылғаннан бастап күшіне енеді», - деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ, Президент Қырымбек Көшербаевты Мемлекеттік хатшы қызметінен босатып, оның орнына Ерлан Қаринды ҚР Мемлекеттік хатшысы етіп тағайындады.
Басып шығару