Бүгін Egemen Qazaqstan газетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Елбасы жаңа мақаласында ел тарихымен, тәуелсіздің қадірімен, атқарылған жұмыстар туралы өз ойымен бөліседі.
«Әрине, мен бұл оқиғалардың бәрін көзіммен көрмесем де, әкем мен анамның өзегін мұң мен зар өртеп, жанарын жасқа шылап отырып айтқан сөздерінен, азаттық жолында шейіт болған аруақтарға арнап, күбірлеп оқыған дұғаларынан естіп-біліп, көкірегіме түйіп өстім. Кейде ойлаймын: қазақ деген не деген төзімді халық?! Көнбеске көніп, шыдамасқа шыдаған. Болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, келешектен үмітін үзбеген. Қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған», - деп жазады ол мақаласында.
Мақаланың толық мәтінін келесі сілтемеден оқи аласыздар: «Тәуелсіздік тағылымы»
Басып шығару