Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қараша күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады.
Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда.
Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
– Президенттің Баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады, – деп жазды Берік Уәли.
Басып шығару