Бүгін, 18 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Бүгін, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан ,Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан басшыларының да бейнеконференция арқылы қатысуы күтілуде», - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.
Берік Уәли кездесу барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы көпқырлы өзара іс-қимыл, ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны жүзеге асырудың негізгі шаралар жоспары туралы пікір алмасу болатынын атап өтті. ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығын дамыту және нығайту мәселелері де қарастырылатын болады.
Басып шығару