«2010 жылдан бастап бекітілген 48 сценарий бойынша фильмдер шығарылмады, түсірілген 325 фильмнің 185-і жарыққа шықпаған, олардың құны 19 миллиард теңгеден асады. Кинотеатрлар мен теледидар арқылы таратудан түскен кірістер өндірілген фильмдердің шығынын өтемейді» — деді есеп комиссиясының отырысында. Мысал ретінде 9 жыл ішінде 161 картина шығарылғанын, оның құны 42 миллиард 951 миллион теңгені құрағанымен, кіріс мөлшері 698 миллион теңгені немесе 1,6 пайызды құраған.
Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат министрлік мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекіткенін айтты.
Ол айтылған барлық ұсыныстар уақтылы, толық көлемде орындалатынына және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесі үнемі қадағаланатынына сендірді.
Басып шығару